Жітіқара ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі биометриялық жеке тұлғаны сәйкестендіру терминалдарын сатып алып, полиция бөліміне тапсырды.
Бұл терминалдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, әкімшілік қадағалаудағы немесе арнайы талаптармен тіркелген азаматтардың келуін нақты және жедел тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл олардың конституциялық құқықтарын бұзбайды, себебі полицияға келу сот шешімімен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін міндеттелген.
Face-ID технологиясын пайдалану жалған келулерді болдырмайды, бақылау ашықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырып, азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтады.
Қостанай облысының прокуратурасы