2025 жылғы 16 маусымда Қостанай қаласы прокуратурасының бастамасы бойынша №2 сотында сериялық ұрыға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы өтті.
Тергеу анықталғандай, азамат велосипед құлыптарын бұрандама кескіштің көмегімен кесіп, кейін ұрланған велосипедпен қылмыс орнынан бой тасалаған. Сериялық ұрының әрекетінен 13 қала тұрғыны зардап шекті, оларға қылмыс салдарынан келтірілген залал әлі өтелмеген.
2025 жылғы 18 маусымда айыптау үкімі шығарылды. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды, сондай-ақ сотталған адамның іс-әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды.
Бұл процеске колледж студенттері тыңдаушы ретінде қатысты. Бұл жастар арасында құқықтық ойлауды қалыптастыруға және қылмыстық өмір салтынан бас тартуға бағытталған прокуратураның профилактикалық жұмысының бір бөлігі болды.
Қостанай облысының прокуратурасы