Әулиекөл ауданының прокуратурасы "Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы" КМК қызметінде ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының ошақтарының таралуын және жойылуын алдын алуға, сондай-ақ оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жұмсауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде заңдылықты сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді .
Аса қауіпті инфекциялар бойынша эпизоотиялық жағдайдың қазіргі жай-күйі халықтың, мал шаруашылығының және құс шаруашылығының әл-ауқатына тұрақты қауіп төндірудің себебі болып табылады.
Тексеру барысында ветеринария саласындағы талаптарды сақтамау бойынша көптеген бұзушылықтар анықталды, ұйым қызметкерлерінің ветеринариялық іс-шараларды тиісінше орындамау фактілері анықталды.
Атап айтқанда, жоқ мал басын "ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" базасына тіркеудің 1764 фактісі, жануарларды вакцинацияламаудың 6 806 фактісі және оларды вакцинациялау туралы анық емес мәліметтер базаға енгізу анықталды.
Анықталған фактілер бойынша аудан прокуратурасы ветеринариялық дәрігерлерге қатысты 12 әкімшілік іс қозғады, оларға 589 800 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ұйым басшысы және 4 ауылдық округ әкімі, сондай-ақ мемлекет бюджетіне 2 292 389 теңге сомасында ақшалай қаражат өтелді.
"Заң мен Тәртіп"
Қостанай облысының прокуратурасы