2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаптау туралы істерді тергеуді тек прокуратура қызметкерлері жүзеге асырады.
Құқық қорғау және арнайы органдардың қызметіндегі осы жағымсыз құбылысқа қарсы күрес тек қылмыстық істерді тіркеуге ғана емес, ең алдымен оларды алдын алуға байланысты.
Азаптаудың алдын алу азаматтар мен қызметкерлер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарында да, тиісті тексерулер жүргізуде де көрсетілуі мүмкін.
Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлері тұрақты негізде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметтік ғимараттарында, уақытша ұстау изоляторларында, ұсталғандарға арналған камераларда кенеттен тексеру жүргізеді.
Азаптаудың алдын алу мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан күш-жігерді талап етеді, сондықтан азаптау фактілеріне немесе құқықтардың бұзылуына тап болсаңыз, 8(7142) 54-29-53 (облыс прокуратурасының Ахуалдық орталығы) телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.
"Заң мен Тәртіп"
Қостанай облысының прокуратурасы