Бюджет қаражатын ұрлау туралы іс бойынша

Бюджет қаражатын ұрлау туралы іс бойынша

2025 жылғы 4 маусымда Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті.

Тергеу мәліметтері бойынша, «Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әдіскер-бухгалтері 2021 жылдың тамызы мен 2025 жылдың наурызы аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, үнемдеу нәтижесінде пайда болған 9,7 млн теңгені карточкалық шотқа заңсыз есептеп, оларға өз қалауы бойынша билік етті.

Айыпталушының іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 1-тармағының 3-бөлігі бойынша сараланады (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау).

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қылмыстық іс мәні бойынша Қарабалық аудандық сотына қарауға жіберілді.

"Заң мен Тәртіп"

Қостанай облысының прокуратурасы