Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет .

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;

3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;

5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиді.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2) алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

Анықтама телефондары: 54-94-86, ішкі 0802, 8 777 694 95 85,

Қоңырау шалу уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін.

 

Қостанай облысы прокуратурасының кадрлық жұмыс тобы

 

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу қағидаларына

1-қосымша

Нысан

______________________________________________

(Т.А.Ә., прокуратура органдары жүйесіндегі

______________________________________________

басшының лауазымы)

 

кімнен:_____________________________

(қызметкердің Т.А.Ә. ,

____________________________________

лауазымы, сыныптық шені)

 

БАЯНАТ

Мені жоғары тұрған басшы лауазымға ұсыну үшін жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.

_____________________

(Т.А.Ә., қолы)