Қостанай облысының прокуратурасы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде бұзушылықтарды анықтады

Қостанай облысының прокуратурасы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде бұзушылықтарды анықтады

Қостанай облысының прокуратурасында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда мемлекеттік кіріске атқарушылық құжаттардың уақтылы және толық орындалуы мәселелері бойынша тексеру нәтижелері талқыланды.

Отырысқа облыстық әділет, мемлекеттік кірістер, құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменттерінің, өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының және жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

Облыс прокуроры Берік Абилов прокуратура атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлерден берешекті өндіріп алумен қатар, мемлекеттік бюджетті толықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

2024-2025 жылдары прокурорлық қадағалау актілері бойынша атқарушылық өндіріс органдары мемлекеттің кірісіне борышкерлерден 500 млн теңгеден астам соманы өндіріп алды.

234 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, прокурорлар 2 жеке сот орындаушысына қатысты өндіріп алуға тиесілі қаражатты жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2,5 млрд теңгеден астам берешек сомасына 503 атқарушылық өндіріс бойынша мүліктің болу фактілері, сондай-ақ 16,7 млн теңге сомасына 377 өндіріс бойынша борышкерлердің ай сайынғы кірістері анықталды.

63 борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылды және мемлекетке шамамен 3,2 млрд теңге қарыз болған 528 борышкердің елден тыс жерлерге шығуы шектелді.

Облыстың қадағалау органының басшысы тексеру нәтижелері берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыс барлық уәкілетті және мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын, сондай-ақ борышкерлер арасында «Заң мен Тәртіп» қағидатын құқықтық насихаттауды талап ететінін атап өтті.

Талқылау нәтижелері бойынша сот актілерін орындауға және мемлекеттік уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді.

«Заң мен Тәртіп»

Қостанай облысының прокуратурасы