Алаяқтық фактілері туралы ескерту

Алаяқтық фактілері туралы ескерту

Алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты облыс прокуратурасы ескертеді: ведомство басшылығы атынан жалған аккаунттар мен телефон нөмірлері жасалады. Бұл нөмірлерден әртүрлі қызметтерді сұрайтын хабарламалар жіберіледі.

Мұндай өтініштерге жауап бермеуді сұраймыз.

Прокуратура мессенджерлерде азаматтармен хат алмасуға бастамашылық жасамайды және мұндай сұрау салулар жібермейді.

Күдікті хабарламалар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы