Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қарағанды облысының прокуратурасы прокуратура қызметкерлері мен олардың отбасыларын біріктіретін спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Мерекені ашқан облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров қызметтегі міндеттерді орындауда ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқтатала отырып, мұндай шаралар «Заң және тәртіп идеологиясының маңызды бөлігі болып табылатын ұжымшылдық пен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында облыстың қалалары мен аудандарының прокурорлары ұлттық спорт түрлері: қой көтеру, гір көтеру, ләңгі тебу, арқан тарту бойынша достық сайыстарға қатысты. Қызметкерлердің балалары асық атып жарысты. Тимбилдинг белсенді демалыс қана емес, сонымен қатар командалық рухты нығайтудың тиімді түрі болды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Концерттік қойылымдар мен балаларға арналған анимациялық бағдарлама да мерекелік көңіл-күйді көтерді. Бұл күн жылы және жайлы атмосферада мерекелік дастарханмен аяқталды.
Қарағанды облысының прокуратурасы