Қарағанды облысының прокуратурасы мүліктік қылмыстарға қарсы күрес және жол қауіпсіздігін арттыру шараларын талқылады

Қарағанды облысының прокуратурасы мүліктік қылмыстарға қарсы күрес және жол қауіпсіздігін арттыру шараларын талқылады

«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа отырысы өтті. Күн тәртібінде меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы тұру, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырыс барысында ағымдағы жағдайға, мүліктік қылмыстарды тергеу сапасына және қабылданған шаралардың тиімділігіне талдау жасалды.

Жол қозғалысы саласындағы жағдай да талқыланды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Жол инфрақұрылымын жақсарту және жүргізушілермен, оның ішінде медициналық есепте тұрғандармен, профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша кешенді тәсілдің қажеттілігіне назар аударылды.

Кездесу нәтижесінде нақты ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды. Уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы