Прокурорлар Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарын ұстады

Прокурорлар Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарын ұстады

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Жақсылық Шалабековті ұстады.

Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражаттарын алдын ала сөз байласу жолымен адамдар тобында ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады.

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірілген. Қазіргі уақытта Шалабеков  соттың санкциясымен  2 айға қамауға алынды.  

Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат  Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Қарағанды облысының прокуратурасы