Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жұмыс қорытындылары шығарылған жедел кеңес өтті.
Кеңеске облыс прокуратурасының басшылығы, қызметкерлері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың прокурорлары қатысты.
Отырысты аша отырып, облыс прокуроры есепті кезеңде су тасқыны қаупінің алдын алуға, азаптау мен қылмысқа қарсы күреске, сондай-ақ азаматтар мен бизнес өкілдерінің мәселелерін шешуге қадағалауды күшейтуге ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.
Прокуратура Басқармаларының бастықтары атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Мемлекет Басшысы мен Бас Прокурордың «Заң және тәртіп», «Әділеттілік және жауапкершілік» қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ «Taзa Қазақстан» бастамасын іске асыруға бағытталған тапсырмаларының орындалу нәтижелері баяндалды.
Кеңес соңында облыс прокуроры алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.
Қарағанды облысының прокуратурасы