Зейнеткерді ұрып-соққан жасөспірімдер екі айға қамауға алынды

Зейнеткерді ұрып-соққан жасөспірімдер екі айға қамауға алынды

Теміртау қаласында зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3) тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмағандар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтынын атап өту қажет.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, жан-жақты және объективті тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бұл факті бойынша бөлек тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы