Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Рымбаев Төлеубек Рамазанұлы Қарағанды облысы Абай ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Т.Р.Рымбаев құқық қорғау қызметін 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің аудандық бөлімінің тергеушісі ретінде бастап, 1998 жылдан үздіксіз прокуратура органдарында қызмет атқарады.
Бұрын аудандық прокуратураның бөлім бастығы, көлік прокурорының орынбасары, Шет ауданының, Сәтбаев қаласының және Осакаров ауданының прокуроры болған.
Қарағанды облысының прокуратурасы