Қарағанды облысының прокурорлары табыстарын жасырып, салық төлеуден жалтарған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді анықтады

Қарағанды облысының прокурорлары табыстарын жасырып, салық төлеуден жалтарған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді анықтады

Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) жыл сайынғы тапшылығының және бағасының өсуінің себептеріне талдау жүргізді.

Талдау мақсаты – шекті сауда үстемесін қолдана отырып, ӘМАТ бағасын реттеу.

ӘМАТ-ті (картоп) бухгалтерлік есепте көрсетпей сататын 14 ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері анықталды.

Нәтижесінде кейіннен картопты сату кезінде шекті сауда үстемесі қолданылмаған.

Облыс прокуратурасының үйлестіруі бойынша мемлекеттік кірістер органдары аталған тұлғаларға қатысты камералдық бақылау жүргізді.

Бүгінгі күні 4 өндіруші қосымша салық есебін тапсырып, 1,6 млрд теңге көлемінде қосымша табыс көрсетіп, 8,8 млн теңгеден астам сомаға салық төледі және келешекте картопты бухгалтерлік есепте көрсете отырып сатуға міндеттенді.

Қалған өндірушілер бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар дайындауда, талаптар орындалмаған жағдайда тексеру шаралары жүргізіледі.

Осындай талдау өндіріс, қызмет көрсету және құрылыс қызметінің барлық салаларында жүргізілуде.

Бұл мәселе облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы