Қарағанды облысының Кешенді даму жоспарына өзгерістер енгізілді

Қарағанды облысының Кешенді даму жоспарына өзгерістер енгізілді

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмықа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.06.2023 жылғы №508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023–2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына (бұдан әрі - Кешенді жоспар) талдау жүргізілді.

Кешенді жоспардың 46-тармағына сәйкес облыстардың даму жоспарларына мақсатты іс-шаралар енгізілуі тиіс. Алайда, олар Өңірді дамыту жоспарында ескерілмей, жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мерзімінің бұзылуына әкеп соққан.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы облыс әкімінің атына қажетті өзгерістер енгізуді талап етілген ұсыну енгізді. Қарау нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктер жойылды.

Қарағанды облысының әкімдігі облыстың 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарын жаңа форматта өзектендірді. Жаңартылған құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісіліп, Қарағанды облыстық мәслихатының ХХ сессиясының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №237 шешімімен бекітілді.

Енгізілген өзгерістер өңірде нашақорлықтың алдын алуға және есірткі бизнесімен қарсы күреске оң әсерін тигізеді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы