Қарағанды облысында академик Бөкетов атындағы ҚарУ студенттері №35 түзеу мекемесіне барды

Қарағанды облысында академик Бөкетов атындағы ҚарУ студенттері №35 түзеу мекемесіне барды

Қылмыстық жазаларды орындаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор Дәулет Саттыбаевтың бастамасымен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері №35 түзеу мекемесіне барды.

Іс-шара жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Сапар барысында студенттерге сотталғандарды ұстау жағдайлары, олардың күн тәртібі мен тұрмыстары көрсетілді.

Кейбір сотталғандардың өмірлік қателіктері туралы айтып, тағдырды өзгертуі мүмкін асығыс шешімдерден сақтандырған жеке оқиғалары жастарды ерекше толғандырды.

Кездесу соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісті.

Көбісі колонияға бару олар үшін маңызды сабақ болғанын, оларды өз іс-әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және болашақ үшін саналы шешім қабылдауға бағыттағанын атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастар арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және заң талаптарын ұстануға ұмтылуға ықпал ететініне сенімді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы