Абай ауданының прокуратурасы автокөлік жолдарының құрылысы саласында бұзушылықтар анықтады

Абай ауданының прокуратурасы автокөлік жолдарының құрылысы саласында бұзушылықтар анықтады

Абай ауданының прокуратурасы автокөлік жолдарының құрылысы саласына қатысты заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

«Центргеоланалит» ЖШС кәсіпорны зертханалық сынақтар жүргізіп, асфальтбетон қоспаларының сапасына сәйкестік хаттамаларын қажетті - «ҚНмЕ 3.06.03-85 «Автомобил жолдары»  нормативтік құжатынсыз бергені анықталды.

Кәсіпорын 2023–2024 жылдары 9 сынақ хаттамаларын негізсіз берген.

Аудан прокуратурасының актісі бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Центргеоланалит» ЖШС-ні Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 415-1-бабы 1-бөлігінің 1) тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәсіпорынға 3 миллион 433 мың теңге айыппұл салынып, аккредиттациялау туралы куәлігі 6 айға тоқтатылды.

Сонымен қатар, кәсіпорын берген 9 сынақ хаттамасы жарамсыз деп танылды.

#заңжәнетәртіп #заң_мен_тәртіп#әділдік

 

Қарағанды облысының прокуратурасы