Қарағанды ​​облысында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін іс бойынша үкім өзгертілді

Қарағанды ​​облысында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін іс бойынша үкім өзгертілді

Қарағанды ​​облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шет аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотталған азаматқа қатысты үкімін өзгертті.

Бастапқыда оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда, прокурордың өтінішхаты бойынша өткізілген апелляциялық сот алқасының қорытындысымен жаза сол мерзімге бас бостандығынан нақты айыру жазасына өзгертілді.

Сот сотталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына бақылауды күшейтуге, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін әділ жаза қамтамасыз етуге бағытталған.

#заңжәнетәртіп #заң_мен_тәртіп#әділдік

 

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы