Прокуратура органдарына қызметке кірудің жаңа тәртібі туралы

Прокуратура органдарына қызметке  кірудің жаңа тәртібі туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің құқық қорғау органдарында қызметке қабылдау ережелері өзгертілді.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Құқық қорғау қызметіне іріктеудің жаңа институты - алғашқы кәсіби дайындық енгізілді.

Прокуратура органдары үшін кәсіптік даярлау жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы жүзеге асырады.

Қарағанды облысының прокуратурасы кандидаттарды кәсіби даярлау мерзімі 1 жыл: Академияда оқу - 6 ай және аумақтық прокуратураларда тағылымдама – 6 айды құрайтынын атап өтті.

Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жоғары заң білімі бар, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан, оларда құқық қорғау қызметіне кіруге кедергі келтіретін шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылатын болады.

Үміткерлер іріктеу барысында облыстық прокуратура органдарында әңгімелесуден, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияда медициналық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден дәйекті түрде өтуі тиіс.

Іріктеуден өткен үміткерлер Академияда емтихан билетінің 3 сұрағына және емтихан комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап түрінде емтихан тапсырады.

Академия тыңдаушылары оқу кезеңінде стипендиямен, тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде прокуратура органдарына қызметке орналасады.

Іріктеуге қатысу үшін үміткер тапсыру қажет:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);

4) жақын туыстары мен жұбайларын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі өмірбаян;

5) кез келген өңірде қызмет өткеруге келісім беру туралы өтініш;

6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

Кәсіптік даярлауға іріктеудің мерзімі мен басталуы туралы азаматтарға прокуратура органдары мен білім беру ұйымдарының барлық интернет-ресурстарындағы ақпарат алдын ала хабарланады.

Прокуратура органдарына қызметке кіруге ниет білдірушілерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби даярлықтан өтуге шақырамыз.

Қарағанды облысының прокуратурасы