Саран қаласының прокуратурасы Саран қалалық сотында есірткі саудасына (есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз алу және сақтау) қатысты қылмыстық іс бойынша сот ұйымдастырып, жүргізді.
Бұл процеске Абай Құнанбаев атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Сот сараптамасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша азамат С. кінәлі деп танылып, 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Бұл процесс жастарға есірткі саудасымен байланысты заңсыз әрекеттердің салдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп #әділдік
Қарағанды облысының прокуратурасы