Қарағанды облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауда

Қарағанды облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауда

Қарағанды ​​облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына қатысты алқа отырысын өткізді.

Прокурорлар қылмыскерлердің жауапкершіліктен жалтаруының 30 фактісінің алдын алды. Бұл істер сотқа жолданып, кінәлілер жазаланды.

Тексеру барысында қылмыстық қудалау органдары жасырған 69 қылмыс анықталып, 30 іс бойынша іс-әрекеттерді жеңіл дәрежеде саралап тергеуге жол берілген жоқ.

Уақытша ұстау изоляторлары мен қывзметтік кабинеттерден босату жолымен 52 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Қатаң қадағалау шараларының арқасында прокурорлар 469 істі тоқтатып, субъектілерді қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартудың алдын алды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 40 қызметкер, оның ішінде 8 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастыру-практикалық шаралар қабылданып, қылмыстық қудалау органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасады.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы