Сәтбаев қаласы прокурорының бейне-хабарламасы ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Сәтбаев қ. орын алған оқиғалардың бұрмалануы туралы

Сәтбаев қаласы прокурорының бейне-хабарламасы   ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Сәтбаев қ. орын алған оқиғалардың бұрмалануы туралы

Әлеуметтік желілерде полиция 50-60 адамды ұстап, оларға қатысты азаптау шараларын қолданып жатқаны туралы жарияланымдар орналастырылған.

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 24 шілдесіне қараған түні Сәтбаев қаласында бұзақылық, мүлікті қасақана бүлдіру, полиция қызметкерлеріне дене жарақаттарын келтіру, олардың жұмыстарына кедергі келтіру фактілері орын алған.

 Бұлардың бәрі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, қылмыс болып табылады. Барлық фактілер бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиға болған орындағы бейнекамералардағы жазбалар аталған оқиғалардың бастамашыларын және белсенді қатысушыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта 15 адам анықталған және ұсталған. Олардың бәрі де адвокаттармен қамтамасыз етілді.

Прокурорлар тергеу барысының заңдылығына қадағалау жүргізуде. Бүгінгі күні қандай да бір дәлелденген заң бұзушылықтар жоқ.

Роликтердің авторлары таратып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмеуін ескере отырып, полиция органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, яғни телекоммуникация жүйелерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша тергеу амалдарын бастады.

Осыған байланысты, азаматтарды көрінеу жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертеміз және тек ресми мәліметтерді басшылыққа алуды сұраймыз.

Қарағанды облысының прокуратурасы