Қарағанды облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексеру жүргізіп, әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтарының өрескел бұзылуын анықтады.
Қамқорлыққа алынғандардың зейнетақылары мен жәрдемақылары тиімсізжұмсалғаны белгілі болды.
Атап айтқанда Орталықтар тауарларды нарықтық құнынан кейде екі есе жоғары бағамен сатып алуға, сонымен қатар құны 70 миллион теңгеден асатын тағамдық қоспаларды негізсіз сатып алуға 15 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабына сәйкес(қорғаншының немесе қамқоршының құқықтарын теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ, Орталықтардың бірінде қамқоршылықтағы адамның жүктілігін заңсыз тоқтату фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптамалар жүргізілуде.
Қарағанды облысының прокуратурасы