Прокуратура Шет агротехникалық колледжі директорының заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген 16,9 млн теңге шығынды анықтады

Прокуратура Шет агротехникалық колледжі директорының заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген 16,9 млн теңге шығынды анықтады

Шет ауданының прокуратурасы «Шет агротехникалық колледжі» КММ-нің соңғы үш жылдағы мемлекеттік сатып алуларының конкурстық құжаттамасына талдау жүргізді.

Талдау барысында колледж директоры жеке пайда табу ниетінде өзінің қызметтік бабын пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.

Атап айтқанда, 2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» КММ мен ЖШС  арасында блоктық қазандық жабдықтарын орнату туралы келісім бекітілген, осында директор сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы заңсыз қосымша келісімге қол қойған.

 Бұл орнатылған қазандықтардың техникалық талаптарға сай келмеуіне және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелген. Нәтижесінде бүгінгі күні  ескі, тозған қазандықтар қолданылуда.

Бұзушылық фактісін аудандық прокуратура СДТБТ-де Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тіркеп, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолдады.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы