Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының негізсіз төленгенін анықтады

Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының негізсіз төленгенін анықтады

Аудан прокуратурасы мемлекеттік мекеменің қызметінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын талдау барысында «Нұра ауданының құрылыс бөлімі» ММ нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару фактісін анықтады.

Нұра кентіндегі Ақпасов көшесінде 20 жалдамалы екі пәтерлі тұрғын үй салу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасы төленген. Талдау нәтижелері бойынша мердігер 15 378 015 теңгеге жұмысты аяқтамағаны анықталды.

Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде, мердігердің өз міндеттемелерін адал орындамауына байланысты, 15 378 015 теңге мемлекет кірісіне қайтарылды. Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы