Қарағанды облысында прокурорлар 412 оқушының құқығын қорғады

Қарағанды облысында прокурорлар 412 оқушының құқығын қорғады

Шет ауданының прокуратурасы ауданнының Ы.Алтынсарин атындағы қолдау мектебі жанындағы «Интернат (бұдан әрі «Ресурстық орталық») КММ қызметіне кешенді тексеру жүргізді.

Ресурстық орталық ғимаратының кешеніне жақын маңдағы ауылдардан келген 100 оқушының тұруына қойылатын талаптарға сай келетін 3 қабатты жатақхана кіреді.

2022 жылдың соңында Комиссияның шешімімен, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз, балалар жатақханадан шығарылып, балалардың тұруына арналмаған Ресурстық орталық ғимаратының 2-қабатына орналастырылған.

Оқу кабинеттерінің санының азаюы, кейбір кабинеттердің шаруашылық бөлмелерге айналуы оқушылардың оқу, демалыс орындарының, санитарлық тораптардың, қоғамдық тамақтану орындарының және т.б. алаңдарының белгіленген нормаларының бұзылуына әкелген.

Тексеру жатақхананың 2-қабатында «Шет ауданының білім бөлімі» ММ орналасқаны, ал 3-қабатында білім бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері үшін жатақхана ұйымдастырылғанын көрсетті.

Бұл жағдай халықтың наразылығын тудырды.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес балалар жатақхана ғимаратына қайтарылды, Ресурстық орталықтың жатын бөлмелері қайтадан оқу кабинеттеріне айналдырылды.

Қазір Орталықта оқитын 412 бала сапалы білім ала алады.

Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы