Қарағанды облысының прокурорлары сотталғандардың құқықтарын қорғауда

Қарағанды облысының прокурорлары сотталғандардың  құқықтарын қорғауда

Қарағанды облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жазаларды орындау саласында 15 тексеру жүргізіп, 16 ұсыну енгізді, 73 лауазымды тұлға тәртіптік, 5-әкімшілік жауапкершілікке тартылды.,

Анықталған жүйелі бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі негізінде Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) бастығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қадағалау жұмысында сотталғандарды радикалды көзқарастардан арылуға баса назар аударылады. Барлық мекемелерде азаптаудың себептері мен жағдайларын анықтау бойынша сауалнама жүргізіледі, бұл назарды проблемалық қадағалау учаскелеріне аударуға, мекемелерге бару және сотталғандарды қабылдау санын арттыруға мүмкіндік берді.

Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды орындау саласында 10 тексеру жүргізіліп, 12 ұсыну енгізіліп, 20 лауазымды тұлға жазаланды.

Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар жанынан пробация қызметіне көмек көрсету жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы қайта жанданды.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру квотасы, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бөлінген сомалар қайта қаралды.

Жұмыс топтары құрылды, оның құрамына барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар облыс бойынша қылмыстың қайталану деңгейін 2023 жылғы 18-ден ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 10-ға дейін, яғни  45%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

 Елден шығару жазасын орындау бөлігінде шетелдіктерге қатысты орындалмаған 3 үкім анықталды. Ден қою шараларының негізінде оларды шығару жұмыстары жүргізілді.

Қылмыстық айыппұлдарды өндіру жұмысы күшейтілді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы