Қадағалау органының жұмысының қорытындысы шығарылды

Қадағалау органының жұмысының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен жедел кеңес өтіп, онда ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленді.

Жұмысқа облыс прокуратурасының басшылығы, қала, аудан прокуратураларының жеке құрамы мен басшылары қатысты.

Кеңесті ашқан облыс прокуроры өткен кезеңде су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын қабылдауға, құқық қорғау жүйесінде қылмыстық-құқықтық салада реформаларды енгізуге, азаптаулардың алдын алуға, қылмысқа қарсы күреске,  азаматтар мен бизнес мәселелерінің тиімді шешілуіне қадағалауды күшейтуге ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

Облыс прокуратурасы басқармаларының басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Мемлекет басшысының азаптауларға, балаларға қатысты сексуалдық қылмыстарға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, есірткі бизнесіне, алаяқтыққа, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылмауына қарсы іс-қимыл туралы тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды.

Қорытындылай келе, облыс прокуроры алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді атап өтіп, қылмысқа қарсы күрес, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін, халықтың сенімін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы