Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Тасқын жағдайының шыңы өтті.

Алдын ала қабылданған шаралар ауыр зардаптарды, соның ішінде адам шығынын болдырмауға мүмкіндік берді.

Гидротехникалық құрылғылар штаттық режимде жұмыс істейді.    

Судың қажетті көлемі толтырылады.

Шет ауданында  4 ауылда 41 тұрғын үйді су басу салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Бүгінгі күні тұрғындар үйлеріне қайтып келді.

Келтірілген залал өтеледі, уәкілетті органдар тиісті есептеулер жүргізеді.

Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетілді.

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары дайындықта.

Құрметті тұрғындар, құқықтық сипаттағы мәселелер туындаған жағдайда, прокуратура органдары заң көмегін көрсетуге дайын.

Қажет болған жағдайда экранда көрсетілген телефон арқылы хабарласа аласыздар.(35-35-33)

 

Қарағанды облысының прокуратурасы