Қарағанды облысының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты отырысы өтті

Қарағанды облысының прокуратурасында  Үйлестіру кеңесінің көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты отырысы өтті

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің уәкілетті органдар тарапынан көші-қон заңнамасы нормаларының сақталуы мәселелеріне қатысты кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, облыс әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстың басқа да мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Бүгінгі таңда көші-қон процесін бақылау өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны атап өтілді.

Прокуратура органдары облыс аумағында тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтарды анықтады.

Кеңес мүшелері уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктерді, сондай-ақ елден шығару туралы сот актілерін орындау және елде болуға рұқсат алу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. 

Прокуратураның үйлестіруімен шетел азаматтары уақытша тіркелген орындарды тексеру, халықпен профилактикалық жұмыстарға қоғам мен БАҚ-ты кеңінен тарту шараларын жүргізу жоспарланды.

Үйлестіру кеңесінің шешімімен көші-қон сұрақтары бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін шешудің ведомствоаралық кешенді жоспарын әзірлеу ұсынылды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы