Қарағанды прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады

Қарағанды прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады

Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарын қалпына келтіріп, Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қойған шектеулерді алып тастады.              

Қылмыстық іс аясында кәсіпкердің шағымын қарау кезінде кафенің қызметін мөрлеу арқылы тоқтату фактісі анықталды.  

Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.

Полиция бөлімшесі кәсіпкерлік субъектісінің заңды құқықтарын бұзып, қызметін заңсыз тоқтатып, материалдық залал келтірілуіне жол берген.

Прокурорлық ден қою шараларымен көрсетілген нысаннан шектеу шаралары алынып тасталды, кәсіпкерлік субъектісі жұмысын жалғастырды.  

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

 

 

Қарағанды облысы прокуратурасы