
Қарағанды облысының прокуроры облыс әкімімен бірлескен жұмыс сапары аясында Саран қаласында өз жобаларын жүзеге асырып жатқан инвесторларды аралап, олардың жұмыстарымен танысты.
Қалада 3,3 мың жұмыс орнын құрумен құны 282,4 миллиард теңгеден асатын, облыс үшін маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың инвесторларды қолдау, өңір экономикасын дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау туралы тапсырмаларын орындау мақсатында нысандарды аралау және инвесторлармен кездесулер өткізілуде.
Мұндай іс-шаралар прокуратура органдарына проблемалық мәселелерді жедел түрде, инвестордың өзінен білуге және олар кездестіретін әкімшілік кедергілерді жоюға, қағазбастылықты азайтуға, инвестордардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіруге қажетті құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жұмысы жалғасуда және облыс прокурорының жеке бақылауында.
Инвесторлардың жолданымдарына жедел ден қою мақсатында Фронт-офис құрылды және Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны +7 7014446610)
Қарағанды облысының прокуратурасы