Жезқазғандылық прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады!

Жезқазғандылық прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады!

Жезқазған қаласының прокуратурасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту (жергілікті атқарушы орган айқындаған орыннан басқа жерде сауда жасау) практикасына талдау жүргізіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін, жүйелі сипат алған бірқатар кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтады.   

Қадағалаушы органның мәліметтеріне сәйкес өткен 3 жылда (2017-2019 жж.) аталған бап бойынша 38 кәсіпкер қала аумағында стационарлық емес сауда объектісінде сауда жасағандары үшін жауапкершілікке тартылған.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның талаптарын (31 б. 1 т. (4-2 тт.)) бұза отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындамаған және бекітпеген.

Қадағалау актісі бойынша барлық әкімшілік істер құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылып, кәсіпкерлерге ақша қаражаттарын (айыппұлдарды) қайтару тәртібі түсіндіріліп, заңсыз практика қысқартылды.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысымен қала аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға арналған 12 орын айқындалды.

Қадағалау жұмысының нәтижесінде қаланың  екі мыңнан астам кәсіпкерлерінің құқықтары қорғалды.

Қарағанды облысының прокуратурасы