
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуде.
Инвесторлардың құқықтарының бұзылуының алдын алу, ондай фактілерге жол бермеу және инвесторлардың жұмыстарын ілгерілетуге көмектесу мақсатында Қарағанды облысының прокуратурасында Фронт-офис жұмыс істейді, оның жұмысына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар қатысады.
Прокуратураның фронт-офисі инвестор "«QAZCLINKER»" ЖШС Қарағанды қаласында 200 жұмыс орнын құрумен құны 20 млрд теңгеге клинкер плиткаларын өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқанын анықтады.
2023 жылғы 9 қарашада Қарағанды қаласының әкімдігі инвестордың жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішін қанғаттандырудан заңсыз бас тартқаны анықталды.
Қарағанды облысы прокуратурасының наразылығы бойынша әкімдіктің бас тарту туралы заңсыз шешімі жойылып, жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертіліп, инвестор жобаны жүзеге асыруды жалғастырды.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары бұзылған жағдайда дереу +7 778 099 91 11 нөміріне (Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратуралардың сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласыңыздар.
Қарағанды облысының прокуратурасы