
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Малахов Владимир Михайлович Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
В.М.Малахов прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап қызмет атқарады.
2017 жылдан бастап Ақмола облысы прокурорының орынбасары, 2020 жылдан бастап аталған облыс прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.
*******************************************
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жұбанов Еділ Аязбайұлы Қарағанды облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Е.А.Жұбанов 2001 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызметте болған, 2013 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет атқарады.
2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген.
Қарағанды облысының прокуратурасы