Прокуратураның араласуынан кейін «Молодежный-Осакаровка» маршруты қалпына келтірілді

Прокуратураның араласуынан кейін «Молодежный-Осакаровка» маршруты қалпына келтірілді

Прокуратураның араласуынан кейін «Молодежный-Осакаровка» маршруты қалпына келтірілді

Бас Прокурордың Нұсқауына сәйкес жергілікті орындардағы прокурорлар азаматтарды қабылдау, оның ішінде ауылдық округтерге барып қабылдау жұмысын жандандырды.

Нәтижесінде прокурорлар халықты толғандыратын мәселелерді жедел шешеді.

Мысалы, Молодежный кентінің тұрғындары Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровпен кездесуде «Молодежный – Осакаровка» бағыты бойынша өте қажетті автобустың жоқтығы туралы хабарлады. Тұрғындардың айтуынша, бұрын жүретін маршрут 2020 жылдан бастап тоқтатылған.

Облыс прокурорының нұсқауынан кейін аудан әкімдігі тасымалдаушымен тиісті шарт бекітіп, Крещеновка, Пионерский және Есіл ауылдық округтерін қамтитын «Молодежный-Осакаровка» бағыты бойынша маршрут ұйымдастырды.

Осыған ұқсас түрде, облыс прокуроры барғаннан кейін Нұра ауылының тұрғынына әлеуметтік көмір бөлу туралы мәселе шешілді, азаматтардың неғұрлым егжей-тегжейлі қарауды талап ететін бірқатар өтініштері жұмысқа қабылданды.

Жалпы, облыс прокурорының сапарлары азаматтар арасында оң пікірге ие болды.

 

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі