Қарағандыда шамамен 2 млрд теңге ұрланған

Қарағандыда шамамен 2 млрд теңге ұрланған

Қарағандыда шамамен 2 млрд теңге ұрланған

                   Қарағанды облысы прокуратурасы өткізген тексеріс нәтижесінде Қарағанды қаласының көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам сома құрайтын бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.        

         Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген. 

         Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, оған теңестірілген адамдардың, лауазымды адамның, егер олар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі).

         Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы