Қарағанды облысы прокуратурасында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қарағанды облысы прокуратурасында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиналыс.

Бүгін облыс прокуратурасында еліміздің ұлттық мерекесі-Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты шараны аша отырып, облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров 25 қазан еліміз үшін Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі екенін атап өтті. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.

Облыс прокуроры қызметкерлерге заңдылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, жұмыста жоғары нәтижелерге жетулерін тіледі.

Республика күнін мерекелеу құрметіне орай облыс прокуратурасы органдарының бірқатар қызметкерлері мінсіз қызметтері және өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін сыныптық шендер алды, ведомстволық наградалармен марапатталды және облыс прокурорының бұйрықтарымен көтермеленді.

Қарағанды облысының прокуратурасы