Прокуратурада сотқа дейінгі тергеу сапасы және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Прокуратурада сотқа дейінгі тергеу сапасы және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

А.ж. 21 қыркүйекте облыс прокурорының орынбасары Т.Б.Мұқашевтің төрағалығымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Іс-шараға облыстың қылмыстық қудалау органдарының басшылары, сондай-ақ қала мен аудан прокурорлары қатысты.

Кеңесте қылмыстық істерді тергеу барысында жіберілген бұзушылықтардың себептері талқыланды, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауға, олардың өтініштерін сапалы қарауға баса назар аударылды. Толық және жылдам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша заңды шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету бойынша бірлескен шешімдер әзірленді.

Екінші қаралған мәселе қылмыстық қудалау шеңберіне бизнесті заңсыз тартудан қорғау бойынша жұмыс жағдайы болды.

Бұл жұмыс кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге қатысты Бас Прокурордың а.ж. 2 қыркүйектегі Нұсқауын орындау шеңберінде жүргізіледі.

Мысалы, а.ж. прокуратура органдары бизнес субъектілеріне қатысты негізсіз басталған 13 қылмыстық істі тоқтатты.

Кеңес қорытындысы бойынша, құқық қорғау органдарына кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық дауларға араласуын болдырмай, қылмыс жасағаны туралы хабарламалар мен арыздарды мұқият тексеру туралы тапсырма берілді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы