Қарағанды облысының прокуратурасында соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығаруы мәселесі бойынша семинар-кеңесі өтті

Қарағанды облысының прокуратурасында соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығаруы мәселесі бойынша семинар-кеңесі өтті

Облыс прокурорының орынбасары Талғат Мұқашевтың төрағалық етуімен, 2021 жылы және 2022 жылдың 6 айында қылмыстық істерді қарау нәтижелері бойынша соттардың жеке қаулылар шығаруының себептері мен жағдайлары талқыланған семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына облыстық соттың судьясы Бағдат Серғалиев, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров, облыс прокуратурасының қызметкерлері, қалалар мен аудандардың прокурорлары, аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Облыс прокурорының орынбасары соттардың жеке қаулылар шығару тәжірибесі өте маңызды және заңдылық сақтаудың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың,  мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі кемшіліктерді анықтап, оларды жоюдың тиімді құралы болып табылатынын атап өтті. Жеке қаулыда сот тиісті ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың назарын қылмыс жасалуына ықпал еткен себептерге, азаматтардың құқықтарының бұзылуына, қажетті шаралар қабылдауды талап ететін өзге де заң бұзушылықтарға аударады.

Жеке қаулылардың жалпы саны азаюына қарамастан, қылмыстық қудалау органдары соттар жеке қаулылар шығару жолымен ден қоятын бұзушылықтарға жылдан жылға жол береді.

Олардың шығарылуының негізгі себептері бұрынғысынша сотқа дейінгі іс жүргізудің толық болмауы, күдіктілердің конституциялық құқықтарының бұзылуы, сотталушылардың іс-әрекеттерінің дұрыс сараланбауы, заттай дәлелдемелерді табу, тіркеу, алу кезіндегі бұзушылықтар және т.б. болып қалуда.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша заңнаманы бұзуға, оның ішінде проблемалық мәселелерді заңнамалық реттеу арқылы, жол бермеу тетіктері әзірленді.

Қарағанды облысының прокуратурасы