Облыс прокуратурасының органдары базарлардың қызметінде кешенді тексерулер жүргізді.

Облыс прокуратурасының органдары базарлардың қызметінде кешенді тексерулер жүргізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының органдары базарлардың қызметінде кешенді тексерулер жүргізді.
​Бұл базар саудасының бірталай объектілеріндегі өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығымен байланысты.
​Прокурорлар көптеген бұзушылықтарды анықтады.
​Санитариялық қағидалардың талаптары бұзылуда.
​Қоғамдық тамақтану объектілері сатылатын өнімге арналған құжаттарсыз, медициналық кітапшалар мен сатушыларда арнайы киімдерсіз, санитариялық бақылау органдарының хабарламасынан тыс жұмыс істейді.
​Өнімді сақтау және сату шарттары сақталмайды. Жануарлардан алынатын өнімдерді сату ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізбей жүзеге асырылады, бұған заң жүзінде жол берілмейді.
​Ыстық және суық сумен жабдықтаудың болмауына байланысты жабдықтар мен іргелес аумақ қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайда ұсталады.
​Базарларда өрт қауіпсіздігі де қамтамасыз етілмейді. Жалға берілетін сауда нүктелері өрт сөндіру қондырғыларымен және сигнализациялармен жабдықталмаған.
​Бұдан басқа, Қарағанды қаласының 3 базарында сауда павильондарын орнату үшін мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленіп алу фактілері анықталды, ал олардың бірінде ақылы тұрақ ұйымдастырылған. Тексеру нәтижелері бойынша заңсыз орнатылған тоспа бөлшектеліп, қала тұрғындары үшін тұрақ тегін болды.
​Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау актілері енгізілді. Базар басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.