Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен Қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен Қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.
Қатысушылар сотталғандарды әлеуметке қосу барысында уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров заңнаманың талаптарына назар аударды, оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың осы саладағы құзыреті едәуір кеңейтілген.
Әлеуметке қосу процесі босатылғандарды қоғамдағы өмірге қайтаруға, қоғамда өмір сүру үшін қажетті дағдыларды игеруге, қабылданған нормалар мен заңдарды сақтауға бағытталғаны атап өтілді.
Отырысқа қатысушылар жазаны атқарушы органдар мен аумақтық әкімдіктердің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарын айтты