Қарағанды облысының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Қарағанды облысының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Мемлекет басшысы 2022 жылды балаларға арнады және денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды.
Президенттің тапсырмасын орындау аясында облыс прокуратурасы 30 маусымда Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен кеңес мүшелері балалардың құқықтарын қорғау мәселесін қарады.
Кәмелетке толмағандардың өміріне, денсаулығына және жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстармен күреске қажетті шаралар тізбесі анықталды.
Уәкілетті органдарға балалармен жұмыс істейтін қызметкерлердің штаттық саны мен құқықтық сауаттылық деңгейіне қатысты ұсынымдар берілді.
Түбегейлі шараларды талап ететін мәселелер талқыланды.
Өңірде білім беру мекемелері жетіспейді, облыс орталығының 10 мектебінде оқушылардың саны нормадан көп артық.
Мұның бәрі жиһаздың дұрыс орналастырылмауына, парталар арасындағы алшақтықтың азаюына, кабинеттердегі температураның талаптарға сәйкес келмеуіне әкеледі.
Оқушылар мен сыныптардың көптігі мектеп режимінің өзгеруіне соқтырады – үзіліс уақыты азаяды, нәтижесінде балаларда келесі сабаққа дайындалу үшін бос уақыт жеткіліксіз болады.
Мектеп асханаларындағы тамақтану да талқылау тақырыбына айналды – тағамдардың құрамы мен кәсіпкерлердің қызметі ата-аналардың наразылығын тудырады.
Балалар мүгедектігінің өсуі, дәрігерлердің жетіспеушілігі, ауруханаларды жабдықтау, алименттерді өндіру және мәдени - демалыс іс – шараларының жетіспеушілігі тәрізді басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Барлық қарастырылған мәселелер бойынша «ең маңыздылары» және оларды жою тәсілдері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров Үйлестіру кеңесіне қатысушылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жүзеге асырылуы қажет міндеттерді белгіледі.