Қарағанды облысының қылмыстық-түзету мекемелерінде 6 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылады

Қарағанды облысының қылмыстық-түзету мекемелерінде 6 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде болды.

Делегацияны ҚАЖК төрағасы әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов алып келді.

Депуттатар мекемелердің негізгі нысандарын: тұрғын үй аймақтарын, тамақтану объектілерін, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ медициналық-санитариялық бөлімді аралап шықты.

Өңірде барлығы он пенитенциарлық мекеме орналасқан, онда 4000-ға жуық сотталған жазасын өтейді.

Экскурсия барысында депутаттар жазасын өтеп жатқан адамдармен жеке әңгімелесіп, ұстау шарттары, олардың құқықтарының сақталуы, сондай-ақ психологиялық және медициналық көмек көрсету сапасы туралы сұрады.

Қарағанды облысы прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы А.Көшекбаев биылғы жылдың басынан бастап пенитенциарлық жүйе мекемелерінде «халық үніне құлақ асатын прокурор» жобасы сынақтан өтіп жатқанын хабарлады. Оның мақсаты-сотталғандардың конституциялық құқықтары мен мекемелердегі заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаптау құбылысын жою.

Әрбір мекемеге аймақтық прокурор бекітілген, ол жұмыс алгоритміне сәйкес, заңдылықтың бұзылуын анықтау үшін мекеменің барлық үй-жайларын күн сайын тексереді, әр отрядты (камерада) аралайды, онда диалог барысында сотталғандарды толғандыратын мәселелерді анықтап, оларды шешуге шаралар қолданады.

Жоба іске қосылған сәттен бастап аймақтық прокурорлар мекемелерде 200 – ден астам тексеру жүргізді, сотталғандардың 160-тан астам мәселесі (ұстау, еңбекті ұйымдастыру және т.б. жағдайлары бойынша) жедел (сол жерде) шешілді, 1143 адам жеке қабылданды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері сотталғандардың құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы өтініштерінің санын азайтуға (70%-ға) мүмкіндік берді. Құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарында «соқыр аймақтар» анықталды, оларда бүгінгі күні 1 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.

Сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және тергеушілердің жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында депутаттар облыстың құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелердің қызметтік үй-жайларын бейнебақылау камералармен жүз пайыз қамтуды ұсынды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы