Қарағанды облысының прокурорлары 17 мың кәсіпкердің құқығын қорғады

Қарағанды облысының прокурорлары 17 мың кәсіпкердің құқығын қорғады

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында тұрақтылығы пен дамуы мемлекет негізінің кепілі болып табылатын бизнесті қорғау мәселесіне ерекше назар аударады. Прокуратура органдары үшін де кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау  бағыты басымдыққа ие.

Біздің облыстың әр өңірінде тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді топтар құрылған. Олар заңды кәсіпкерлікке ресми органдар тарапынан кедергі келтірудің кез келген фактілеріне ден қояды.

Ағымдағы жылы прокурорлар жүргізіп жатқан жұмыс аясында 17 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу, құжаттарды негізсіз талап ету, жер учаскелерін тіркеу және қайтару мәселелерін шешуді созбалаңдыққа салу, аудан әкімінің қаулыларын шығару үшін келісім алу бойынша заңсыз талаптар қою фактілері анықталды.

Қадағалау актілері бойынша кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жоғарыда аталған және басқа да бұзушылықтар үшін 25 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, олардың кейбіреулері қызметінен босатылды.

12 тұлға, оның ішінде заңсыз тексерістерді жүзеге асырғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бизнесті қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартудың жолын кесті. 7 қылмыстық іс тоқтатылды. Мысалы, полицейлер 8 тәулікке Қарағанды қаласындағы сауналардың бірін заңсыз жапқан. Прокурорлардың араласуынан кейін объект жұмысын қайта бастады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қарағанды облысының прокуратурасы