Абайлаңыз: телефон алаяқтары!

Абайлаңыз: телефон алаяқтары!

Қарағанды облысында ұялы байланыс арқылы алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кетті.
Алаяқтар арнайы бағдарламалар орнатып, қоңырау шалу үшін Қарағанды облысы прокуратурасы басшыларының интернет - ресурстардан тапқан абоненттік нөмірлерін заңсыз пайдаланады.
Қылмыскерлер өздерін қадағалау органының қызметкерлері ретінде таныстырады, алдағы тексеру туралы хабарлайды, тексеріс ойдағыдай өту үшін ақша қаражатын банк шотына/картасына аударуды сұрайды немесе тексеріс не тергеп-тексеру барысында азаматтың банк шоттарын бұзу әрекеті туралы белгілі болғанын хабарлайды.
Осыдан кейін, бұзу әрекеттерін болдырмау үшін олар белгілі бір әрекеттер алгоритмін жасауды және SMS - хабарлама арқылы алынған арнайы кодты жазуды сұрайды, осындай жолмен ақша қаражаттарын ұрлайды немесе жеке деректерді анықтайды.
Құрметті азаматтар, белгісіз абоненттердің қоңырауларына жауап бергенде абай болыңыздар. Сіз хабарласып тұрған адамдарды тексеріңіз, банктік/карточкалық шот деректерін жарияламаңыз және қосымша тексерусіз ақша операцияларын жасамаңыз!!!
Осындай телефон қоңыраулары түскен кезде дереу полицияға хабарласуды және алаяқтардың өтініштеріне жауап бермеуді ұсынамыз.

Қарағанды облысының прокуратурасы