Қарағанды облысында жаңа прокурор тағайындалды.

Қарағанды облысында жаңа прокурор тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Қарағанды облысының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлы тағайындалды.

Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров 1975 жылы туған. Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "құқықтану"  мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Бас әскери прокуратурасының Қапшағай гарнизонының әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

 Содан кейін Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек гарнизоны әскери прокурорының бірінші орынбасары, Орталық әскери округының әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау» қызметінің бастығы болып жұмыс істеген.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасын басқарған.