Кеншілер астанасында Парламент Мәжілісі депутатының прокуратура ұжымымен кездесуі өтті

Кеншілер астанасында Парламент Мәжілісі депутатының прокуратура ұжымымен кездесуі өтті

Бүгін Қарағанды облысы прокуратурасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметовтің қадағалау ведомствосының ұжымымен кездесуі өтті.
Іс-шараға «АМАНАТ» партиясының Қарағанды қалалық филиалының атқарушы хатшысы Юлия Бадина да қатысты.
Кездесу барысында облыс прокурорының міндетін атқарушы Виталий Шабер депутатқа облыс прокуратурасы жұмысының негізгі нәтижелері және аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету перспективалары туралы баяндады.
Арман Қожахметов Ата Заңға, конституциялық заңдарға енгізілетін өзгерістердің жобалары бойынша республикалық референдумның, жаңа заңнамалық бастамалар мен қабылданатын новеллалардың маңыздылығын атап өтті.
Прокурорлар, өз кезегінде, құқық қолдану практикасындағы проблемалармен бөлісіп, заңдардың жекелеген нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.

Қарағанды облысының прокуратурасы