Қарағанды облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге орай қадағалау органының қызметкерлері арасында патриоттық, оның ішінде авторлық әндер мен өлеңдер конкурсын ұйымдастырып, өткізді.

5 мамырда Қарағанды облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге орай қадағалау органының қызметкерлері арасында патриоттық, оның ішінде авторлық әндер мен өлеңдер конкурсын ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараны облыс прокурорының орынбасары Т.Б.Мұқашев құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Конкурстың мақсаты - патриотизмді, шығармашылық әлеуетті, шешендік өнерді, жұртшылық алдында сөз сөйлеу дағдысын дамыту, сонымен қатар рухани және мәдени азық беру.
"Әртістік үшін", "Шығарманың сенімділігі мен бірегейлігі үшін", "Репертуардың күрделілігі", "Сахналық образ", "Көрермендер көзайымы" номинацияларында Қазыбек би, Ә.Бөкейхан атындағы аудандардың, Шахтинск және Теміртау қалалары прокуратураларының қызметкерлері жеңіп алды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.